Ділмарлыққа салды [салынды]

lat: Dilmarlyqqa saldy [salyndy]

Ділмарланды, шешен сөйледі.

Нұрлан іштей Раушанның өкінішін құптамады, ділмарлыққа салынған ерке келіншектің құбылмалы мінезінің өткір қыры екенін түсінсе де, жауап қайыруға асықпады (З.Шашкин, Сенім).

Кейбіреулері сөзді үсті-үстіне сапыра сөйлеп, ділмарлыққа салып, шешендік көрсетіп, керауыздыққа басып жатты (С.Мәуленов, Жер нәрі).